Еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасы, ДКК қорытындысы
еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасын жүргізу, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 қарашадағы № ҚР ДСМ-198/2020 бұйрығына сәйкес еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасын жүргізу;
* басқа қаладан тыс адамдарға (тұрақты тұратын жерінен тыс жерде), қандастарға, босқындарға және баспана іздеп жүрген адамдарға, Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беруге рұқсатты ресімдеу;
* ауруға шалдыққан, жарақаттанған Қазақстан Республикасының шетелде болған кезеңінде олардың еңбекке уақытша жарамсыздығы туралы парақ немесе анықтама беруге рұқсатты ресімдеу;
* пациентті ЖТМҚ көрсетуге жіберу, адам ағзаларын (ағзаның бір бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бір бөлігін) транспланттау мәселелері бойынша шешім қабылдау;
* «медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығына сәйкес пациенттерді МӘС-ке жіберу және МӘС-ке, оның ішінде емдеуде инновациялық медициналық технологиялар қолданылған адамдарды жіберу мерзімдерін айқындау мәселелері бойынша шешім қабылдау;
* Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-75 «белгілі бір аурулары бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікпен амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес қымбат және ұзақ мерзімді ем алу кезінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға қажеттілікті айқындау (мемлекеттермен)»;
* ауру тізімінде көрсетілген аурудың бар-жоғын анықтаған кезде баланы үйде оқытуға жіберу;
* № ҚР ДСМ-75 бұйрығына сәйкес белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар азаматтардың жекелеген санаттарын дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен тегін және (немесе) жеңілдікпен амбулаториялық қамтамасыз етудің тиімділігін бақылау, мониторингтеу, бағалау және негізділігі мәселелерін шешу.
